Онлайн шақыру

Кездесуге шақыру — сыныптастар мен курстастарға онлайн шақыру

Сыныптастар кездесуі, курстастардың бас қосуы, үлкен отбасылық жиын — мұндай кештерді ұйымдастырудың ең қиыны көпке хабар жеткізу мен кім келетінін білу. Онлайн шақыру осы екі мәселені шешеді.

Бір сілтемені топтық чатқа жібересіз: әркім күнін, уақытын, мекенжайын көріп, келетін-келмейтінін белгілейді. Ал сіз тізімді бір жерден көріп, мейрамханаға нақты орын санын айтасыз.

Шақыру жасау

Осы тойға арналған дизайндар

Кез келгенін ашып, қонақ көретіндей қарап шығыңыз. Бағасы — 4 500 ₸-ден, төлем бір рет.

Шақыру қалай жасалады

  1. Дизайнды ашып көріңіз

    Әр дизайн қонақтың телефонында қалай көрінсе, сізге де дәл солай ашылады.

  2. Есімдер мен күнді жазыңыз

    Шақыру мәтіні осы тойға лайықталып тұрады. Мекенжай мен бағдарламаны қосасыз, тіркелу керек емес.

  3. Сілтемені қонақтарға жіберіңіз

    Жариялаған соң сілтемені WhatsApp-қа саласыз. Кім келетінін жеке парақшаңыздан көріп отырасыз.

Дайын шақыру мәтіндері

Ұнаған мәтінді көшіріп, есімдер мен күнді өзіңізге қарай ауыстырыңыз.

Сыныптастарға
Қымбатты сыныптастар! Мектеп бітіргенімізге 20 жыл толды. Сол жылдарды еске алып, бір-бірімізді сағынып көрісетін уақыт келді. Кездесу 28 маусым, сағат 18:00-де «Шаттық» мейрамханасында өтеді. Келетініңізді сілтемеде белгілеңіздер. 2006 жылғы 11 «Ә» сыныбы
Курстастарға
Құрметті курстастар! Университет қабырғасынан шыққанымызға 10 жыл болыпты. Студенттік күндерді еске алып, бір дастарханның басында жиналайық. 4 қазан, сағат 19:00 «Студент» кафесі, Алматы қаласы
Отбасылық жиынға
Қымбатты ағайын! Бір атаның ұрпағы болып, жылына бір рет болса да бас қосайық деп шештік. Балаларыңызды ертіп келіңіздер. 10 тамыз, сағат 13:00 Атамыздың ауылы, Ақсу
Қысқа, WhatsApp-қа
Сыныптастар, сәлем! 20 жылдық кездесуіміз — 28 маусым, 18:00, «Шаттық» мейрамханасы. Жауапты сілтемеде қалдырыңыз: орын санын дәл айту керек.

Сұрақтар мен жауаптар

Сыныптастарды қалай жинаймын?

Шақыру сілтемесін сынып чатына жіберіңіз. Әр адам шақыруды ашып, келетін-келмейтінін белгілейді. Чатта жоқтарға сілтемені жеке жіберуге немесе QR-код арқылы бөлісуге болады.

Кім келетінін қалай білемін?

Жауаптар жеке парақшаңызда жиналады: кім келеді, кім келмейді, қанша адам. Тізімді файл етіп жүктеп, мейрамханаға орын санын дәл айтасыз.

Кездесу күні өзгерсе ше?

Шақырудағы күнді не мекенжайды түзетесіз, ал сілтеме сол күйінде қалады. Бұрын жіберілген сілтемені ашқан әркім жаңа ақпаратты көреді.

Шақыруға ескі суреттерді қоюға бола ма?

Иә. Мектеп не студенттік кезден қалған суреттерді жүктеуге болады — кездесуге шақыруды ең жылы ететін де солар.

Шақыру қай тілде болады?

Қазақ немесе орыс тілінде, тілін өзіңіз таңдайсыз. Сыныпта екі тілде сөйлейтіндер болса, мәтінге екі тілдегі сөйлемді қатар жазуға болады.

Кездесуге онлайн шақыру қанша тұрады?

Бір шақыру 4 500 ₸-ден басталады. Төлем бір рет, шақыруды жариялаған кезде жасалады; жасау мен алдын ала қарау тегін. Жариялағаннан кейін түзету де тегін, ал шақыру тойдан кейін 12 ай бойы онлайн тұрады.

Шақыруды қазір бастаңыз

Тіркелу керек емес: телефон нөмірі тек жариялағанда сұралады. Төлем бір рет, жариялау кезінде.

Шақыру жасау

Оқуға кеңес береміз