Үлгі №1
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Үйлену тойына шақыруды енді қағазға басып, үйме-үй таратудың қажеті жоқ. Онлайн шақыру — қонақтар телефоннан ашатын жеке парақша: жұптың есімдері, той күні мен уақыты, мекенжай және картаға сілтеме бір жерде тұрады.
Төменде үйлену тойына арналған дизайндар мен дайын мәтіндер бар. Ұнаған дизайнды ашып, есімдер мен күнді жазасыз да, сілтемені WhatsApp арқылы жібересіз. Қонақтардың жауабы өзіңізге келіп түседі.
Шақыру жасауКез келгенін ашып, қонақ көретіндей қарап шығыңыз. Бағасы — 4 500 ₸-ден, төлем бір рет.
Әр дизайн қонақтың телефонында қалай көрінсе, сізге де дәл солай ашылады.
Шақыру мәтіні осы тойға лайықталып тұрады. Мекенжай мен бағдарламаны қосасыз, тіркелу керек емес.
Жариялаған соң сілтемені WhatsApp-қа саласыз. Кім келетінін жеке парақшаңыздан көріп отырасыз.
Ұнаған мәтінді көшіріп, есімдер мен күнді өзіңізге қарай ауыстырыңыз.
Құрметті ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жаран! Сіздерді балаларымыз Ерлан мен Аружанның үйлену тойына арналған салтанатты ақ дастарханымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз. Той 15 тамыз күні, сағат 18:00-де «Алтын сарай» мейрамханасында өтеді. Құрметпен, Сапаровтар әулеті
Қымбатты жақындарымыз! Шаңырағымызда қуанышты күн: ұлымыз Дәурен мен келініміз Айдана отау құрады. Осы бақытты сәтті сіздермен бірге бөліскіміз келеді. Күні: 7 қыркүйек, сағат 17:00 Орны: «Нұр» тойханасы, Алматы қаласы Келіп, жастарға ақ батаңызды беріңіздер. Ата-анасы Бауыржан мен Гүлнар
Сәлеметсіз бе! Ерлан мен Аружан үйленеді. 15 тамыз, сағат 18:00, «Алтын сарай» мейрамханасы. Мекенжай мен толық ақпарат — сілтемеде. Келетініңізді белгілеп қойсаңыз, қуанамыз.
Бақыт құсы қонды біздің шаңыраққа, Ұл үйленіп, келін түсті ордаға. Қуанышты бөлісейік бірге деп, Шақырамыз сізді осы тойға. Ерлан мен Аружанның үйлену тойы — 15 тамыз, сағат 18:00, «Алтын сарай» мейрамханасы.
Әдетте тойдан 3–4 апта бұрын. Басқа қаладан келетін қонақтарға ертерек хабарлаған жөн. Шақыруды жібергеннен кейін де күнін не уақытын түзете аласыз — қонақтардағы сілтеме өзгермейді.
Жоқ. Әр дизайнда үйлену тойына арналған мәтін дайын тұрады: есімдерді, күнді және мекенжайды жазсаңыз жеткілікті. Қаласаңыз, осы беттегі үлгілердің бірін көшіріп, өз сөзіңізбен толықтырасыз.
Шақырудың соңында жауап беру бөлімі бар. Қонақ келетін-келмейтінін және қанша адаммен келетінін белгілейді, ал сіз тізімді жеке парақшаңыздан көресіз. Жаңа жауап туралы Telegram арқылы хабар алуға да болады.
Иә. Жұптың суреттерін жүктеп, әуен таңдай аласыз. Музыка қонақ батырманы басқанда ғана ойнайды және сол батырмамен тоқтатылады, сондықтан ешкімді шошытпайды.
Тілін өзіңіз таңдайсыз: қазақша немесе орысша. Барлық дизайнда Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І әріптері дұрыс көрсетіледі, шаршы белгілер шықпайды.
Бір шақыру 4 500 ₸-ден басталады. Төлем бір рет, шақыруды жариялаған кезде жасалады; жасау мен алдын ала қарау тегін. Жариялағаннан кейін түзету де тегін, ал шақыру тойдан кейін 12 ай бойы онлайн тұрады.
Тіркелу керек емес: телефон нөмірі тек жариялағанда сұралады. Төлем бір рет, жариялау кезінде.
Шақыру жасауОнлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸
Онлайн шақыру
4 500 ₸